ЕСІМДЕР

lat: ESİMDER

зат. л и н г в. Адамның, заттың, құбылыстың атауын, түр-түсін, санын және басқа қасиетін білдіретін атау сөздер. Е с і м д е р дегеніміз зат есім, сын есіт, сан есім сияқты есім сөздердің басын қосатын грамматикалық атау (Қазіргі қаз. тілі). Негізгі сөздер ерекшеліктеріне қарай е с і м д е р және етістіктер болып, салалы екі топқа бөлінеді (Қазіргі қаз. тілі). Е с і м д е р д і ң бәріне көптік, тәуелдік, септік жалғаулары секілді ортақ түлғалық категориялар тән (ҚҰЭ).