lat: ESİRTKİ
з а т. Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, нашақорлықұр, шалдыратын көкнар, наша.
Табиғи есірткіге есірік дақылдары мен олардан алынатын апиын, анаша, марихуана, гашиш т.б. жатады («Денсаулық»).
Жыл басынан бері оңтүстік қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлері 77 кило наркотикалық өнімді тәркілеп, наркотикті тасымалдаудың 5 халықаралық арнасын жойса, ОҚО кедендік бақылау департаменті 102 кило есірткі, оның ішінде 46 кило героинді барар жеріне жеткізбеді («Егемен Қазақстан»).
Азиядағы есірткі бизнесіне қарсы тұруды мақсат тұтатын бағдарлама жасауға тиіс («Егемен Қазақстан»).