ЕСІРТКІШ

lat: ESİRTKİSH

сын. Тез есіртетін, еліттіргіш, зиянды, алкогольдік. Басқа улардан арақтың айырмашылығы -оның еліктіргіш, баурағыш, е с і р т к і ш әсерінде («Лен. жас»). Түрлі-түрлі пітна толар деген. Сауық-сайран молаяр деген. Е с і р т к і ш шарап ішушілер толар деген (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Арақ, боза секілді е с і р т к і ш нәрселерге жолама. Наша шекпе, көкнәрі жеме. Диуана боласың. Шайды, кофені қатты қылып ішпе, сұйық қылып іш (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).