ЕСЕ

lat: ESE

зат. Бастапқы қалпымен салыстырғандағы артық, кем мөлшер. Кешір, шеше! Мәңгілік майдандамын. Жауға олжа болмасын деп жайған малым, Отан деп аталатын сайран бағым, Қаламаймын біреулер ойрандауын, Сол үшін күзеттемін, майдандамын, Мың е с е намысымды қайраудамын (М.Мақатаев, Шығ.). Арманыңды ақтарамын ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың е с е артық Жердің тарту күшінен (Т.Айбергенов, Мен саған.). Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап сүйемін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше е с е асырады (Абай, Тол. жин.).