ЕСЕ

lat: ESE

(ар. хессе حصة)   

1. Рет, мәртебе.

Айтқанымнан көргенім жүз есе артық, Пайымына жете алмас һешкім мұның («Қисса Шаһ Ғаббас ұғлы Иранғайып». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).

2. Үлес, сыбаға, бөлік.

Жамиғат есесі еді мұның хандық, Құдайым жаратыпты жақсы жан ғып («Абылай хан әңгімесі». Бабалар сөзі. 57-том. 2010. 100 томдық).

Баққаны көзін ашып кесесі екен, Өзінің тілегінің есесі екен («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).