ЕСЕП ҚҰЖАТТАМАСЫ

lat: ESEP QUJATTAMASY

бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есепке алу тізілімдері мен салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын өзге де құжаттар.

Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық тасымалдағыштарда жасалады және есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.

Есеп құжаттамасын электрондық тасмалдағыштарда жасау кезінде салық төлеуші мониторинг кезінде және салық органдарының талабымен тексеру барысында қағаз тасмалдағыштарда осындай құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.