ЕСЕПШІ

lat: ESEPSHİ

з а т. к ө н е. Тоғыс есебін жүргізіп, ауа райы, күн райы мен табиғат өзгерісі туралы болжам айтып отыратын адам.

Есепшілер Үркердің аууынан күн райының өзгеретінін білген (Шопан серігі).

Есепші – ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқан халықтың тұрмыс ерекшелігінен туған әуесқойлық кәсіп (ҚСЭ).

Уақыт пен ауа райының есебін жүргізгенде, есепшілер көкте байқалатын астрономиялық, метеорологиялық құбылыстарға сүйенген (ҚСЭ).