ЕСЕПШІ

lat: ESEPSHİ

з а т. қ а р ж ы. Шаруашылық мекеменің кіріс-шығысын есептеп, тіркеп отыратын маман; санақ жұмысымен айналысатын бухгалтер.

Шәйзада қазір көрші совхозда есепші болып істейді (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).

Сол мақсатпен Бүрген бойына ерте көшіп келген Ж.Қарабалиннің ауылына совхоз есепшісі де келіп жетті (Б.Асанбаев, Адам сұлу.).

Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын сол есепшідей-ақ болсаңдар нетті (Алғашқы адым).