ЕСЕПШІ

lat: ESEPSHİ

зат. көне. Тоғыс есебін жүргізіп, ауа райы, күн райы мен табиғат өзгерісі туралы болжам айтып отыратын адам. Е с е п ш і л е р Үркердің аууынан күн райының өзгеретінін білген (Шопан серігі). Е с е п ш і ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқан халықтың тұрмыс ерекшелігінен туған әуесқойлық кәсіп (ҚСЭ). Уақыт пен ауа райының есебін жүргізгенде, е с е п ш і л е р көкте байқалатын астрономиялық, метеорологиялық қүбылыстарға сүйенген (ҚСЭ).