ЕСЕПШІ

lat: ESEPSHİ

зат. қ а р ж ы. Шаруашылық мекеменің кіріс-шығысын есептеп, тіркеп отыратын маман; санақ жұмысымен айналысатын бухгалтер. Шәйзада қазір көрші совхозда е с е п ш і болып істейді (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Сол мақсатпен Бүрген бойына ерте көшіп келген Ж.Қарабалиннің ауылына совхоз е с е п ш і с і де келіп жетті (Б.Асанбаев, Адам сұлу.). Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын сол е с е п ш і д е й-ақ болсаңдар нетті (Алғашқы адым).