lat: ESEPTEÝ
Есепте етістігінің қимыл атауы.
1. Санау, тіркеу.
Қиғаш басқан қадамымды есептеумен мәңгілік, Достарымды достарыңа өсектеумен мәңгілік (Ж.Әбдірашев, Найзағайлы.).
2. Ойлау, шамалау.
Бұлай деп есептеу дұрыс емес екен (А.Қарағұлов, Жарық сәуле.).
// Бір нәрсенің есебін шығаруға арналған.
Бұл жұмысқа төселіп кету үшін есептеу құрылғысы мен есептеу математикасын игеріп алған жөн («Жас Алаш»).