Есепте етістігінің қимыл атауы. 1. Санау, тіркеу. Қиғаш басқан қадамымды е с е п т е у м е н мәңгілік, Достарымды достарыңа өсектеумен мәңгілік (Ж.Әбдірашев, Найзағайлы.). 2. Ойлау, шамалау. Бұлай деп е с е п т е у дұрыс емес екен (А.Қарағұлов, Жарық сәуле.). // Бір нәрсенің есебін шығаруға арналған. Бұл жұмысқа төселіп кету үшін е с е п т е у құрылғысы мен есептеу математикасын игеріп алған жөн («Жас Алаш»).