ЕСЕПТЕГІШ

lat: ESEPTEGİSH

с ы н. Жылдам есептейтін, тез ойлайтын.

Б. Паскаль 16 жасында қосу амалын орындайтын есептегіш мәшине құрастырыпты (Ғалам ғажап.).

Есептегіш мәшинелер қанша «ақылды» болғанмен адам ойлауына пара-пар келе алмайды (Қ.Жарықбаев, Психология).

Нейтрондық монитордың ең негізгі бөлігі - нейтрондық есептегіш   (М.Мұсабаев, Антарктида.).