ЭШЕЛОН

lat: ESHELON

[франц. eshelon] з а т. 1. ә с к. Белгілі тәртіппен бірінен соң бірі орналасқан әскер бөлімшелер. Панферов түсін суытып, екінші э ш е л о н д а ғ ы батальонды бекінісінен дереу шығарып, алғы шептің жыртығын бүтіндеуге әмір етті (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). 2. Теміржол тасымалындағы әрбір әскери поезд. Бүгін кешке аттанамыз, біздің полк дивизияның бірінші э ш е л о н ы болып отыр деді Бауыржан (М.Ғабдуллин, Ел намысы.). Шабуылмен ілгерілеген әскердің кейінгі э ш е л о н ы н д а ғ ы бұл батальон, азат етілген шағын деревняда болатын (Ж.Тілеков, От кешу). 3. Арнаулы мақсатпен адам не жүк тасымалдайтын поезд құрамы, автомашина колоннасы. Жұрттың көзі орта жерінде адам мінетін бір ғана көк вагоны бар ұзын қызыл э ш е л о н ғ а қадалды (Ә.Нұрпейісов, Курляндия). Бір э ш е л о н бұйым бар. Тон, шалбар, қолқап, киім бар. Ет пенен май, құрт, ірімшік, Ел-жұрт берген сыйым бар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Өте шықты зырқырап, Малайсары өрінен. Жауға аттанған өңшең жас Итжонның асты белінен. Жатыр толқып кең дала Э ш е л о н н ы ң лебінен... (Қ.Жапсарбаев. Сөйле.). Қоңырау қағылып, Жылжыды э ш е л о н. Сағымды жамылып, Қалды артта неше жон (С.Мәуленов, Алыс кет.). Сол күні түнде үлкен көпірге динамит қойып, жаудың қару-жарақ тиелген э ш е л о н ы н өзенге құлаттық (Н.Ғабдуллин, Өмір.). 4. Әкімшілік-басқару аппаратының жоғарғы, орта басқару эшелоны. Қоғамдық биліктің бір жаман «ауруы» бар,егер тентек болмасаң, сені «үкімет» ешқашан э ш е л о н н а н түсірмейді. Әр саланы бір ауыстырып, вагоннан вагонға ауысып жүре бересіз. «СВ спальный вагон» биліктің үздіксіз ауысып жататын адамдарының демалып жүріп жұмыс істейтін, ақшасы өзі келетін жанға жайлы қонысы. Ал стансалардағы халық олардың тілеуін тілеп, жоғын айта алмай, үмітпен қол бұлғап қала береді (“Жас Алаш”).