lat: ESHQASHAN
е с і м. Еш уақытта, ешбір кезде де.
Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама (Ш.Айманов, Қыран.).
Махаббат сөнбейді, өлмейді,
Сөнсе күн, өлсе жан қорлықта.
Махаббат ешқашан көнбейді,
Ажалға, үкімге, зорлыққа (Н.Шакенов, Сақина).
Достыққа шекара жоқ бүгінде,
Адам достығымен күшті.
Досы көпті жау алмайды ешқашан (Достық нұры).