ЕШТЕҢЕ

lat: ESHTEŃE

е с і м. Ештеме, дәнеңе, еш нәрсе. Тақырыбыңды терең барлап, тамырын ұстап, жүрек соғысын білмесең, е ш т е ң е жаза алмайды екенсің (С.Мәуленов, Үркер.). Бейлис неміс жұмысшыларының жарылғыш оқ-дәрі жинап беруге уәдесін алып бергені болмаса, одан бөтен е ш т е ң е н і білмейді (І.Есенберлин, Алтын құс). Қызылшашы дегенде ертеден кешке дейін қызылша түбіне шұқшиюдан басқа қолымыздан е ш т е ң е келмегені ме? (К.Оспанова, Жүрек лүпілі). Мен жаңа білдім, туған жердің топырағына жетер е ш т е ң е жоқ екен (К.Қазыбаев, Ызғар). // ф и л о с. Шынайы нақтылықты немесе болмысты мойындамай, жоққа шығаратын ілімдер категориясы. Хайдеггер е ш т е ң е н і ң болмысқа қатысы жайындағы мәселені қарастырды (ҚҰЭ).