зат. 1. Салқын самал, жайлап соққан жел. Күн төмен түскен уақыт еді. Күннің ыстық лебі қайтып, денеге жібек торғындай тиетін майда е с к е к тұрған еді (С.Сейфуллин, Тар жол.). Жаңа бір өткінші жауын ептеп қана жер бетін шылап өтті де, іле жел көтеріліп, е с к е к соқты (Ердің даңқы еңбекте). Мен сөйлесем қаларсың Ашылмас тұман е с к е к к е. Баймын деп сендей тасыман. Кедеймін деп жасыман (Айтыс). 2. ауыс. Екпінді, қарқынды, тасқынды, асқақ. Дәрмен шалқыған, е с к е к өлеңді ойдан шығара жырлайтын (М.Әуезов, Абай). Бебеулеген сарын кем-кем бауырын жазып, екпінді е с к е к әуенге ұласты («Лен. жас»). 3. ауыс. Лебі, буы, әсері. Жаз айында сен кеттің, қала бердім, Әуре болып ойынның е с к е г і м е н (Ж.Сәтібеков, Даладағы дастан).