ЕСКЕРУ

lat: ESKERÝ

Ескер етістігінің қимыл атауы.

1. Еске салу, хабарлап айту.

Күн көзінің қызуынан терлеген дене қатты қызып күйіқалуы мүмкін екенін ескеруге тура келеді .Әмірғалин, Биязы жүн.).

2. Есте ұстау, назарға алу, ұмытпау .

Көзіне теріскен жиі шығатын, көзі жасаурап, іріңдейтін балалардың су жағасында күнге қыздырынғаннан ауруының өршуі мүмкін екенін ескеру керек.Хабижанов, Бала организмі).

Түркістан ескерткішінің алғашқы тұрқы қандай болғанын көзге елестету үшін, қазіргі өрілген қыш тістердің орнында бұрын түзу арқалықтар болғанын ескеруіміз керек.Досжанов, Құм жұтқан.).