Ескер етістігінің қимыл атауы. 1. Еске салу, хабарлап айту. Күн көзінің қызуынан терлеген дене қатты қызып күйіқалуы мүмкін екенін е с к е р у г е тура келеді (М.Әмірғалин, Биязы жүн.). 2. Есте ұстау, назарға алу, ұмытпау. Көзіне теріскен жиі шығатын, көзі жасаурап, іріңдейтін балалардың су жағасында күнге қыздырынғаннан ауруының өршуі мүмкін екенін е с к е р у керек (Б.Хабижанов, Бала организмі). Түркістан ескерткішінің алғашқы түрқы қандай болғанын көзге елестету үшін, қазіргі өрілген қыш тістердің орнында бұрын түзу арқалықтар болғанын е с к е р у і м і з керек (Д.Досжанов, Құм жұтқан.).