ЕСКЕРУСІЗ

lat: ESKERÝSİZ

үст. 1. Елеусіз, байқаусыз. Жайлы қоныс тапса, бізді е с к е р у с і з тастамас (К.Оразалин, Абай.). 2. Ұмыт қалған, есептен шығып қалған. Рахмет досым, ескеріпсің, Е с к е р у с і з жатқан жанды. Өмір гүлін кеш теріпсің, Кеш жүріп шатқалдарды (С.Мәуленов, Қызыл арша). Е с к е р у с і з шаңыраққа сіз жасаған жақсылықты естіп разы болыстық (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).