з а т. ө с. Бұршақ тұқымдас, беде тәрізді шөптесін өсімдік. Белогы мол шөптер – беде, жоңышқа, э с п а р ц е т, сиыр жоңышқа соңғы жылдары пішен ұнын даярлау үшін де пайдаланылатын болды (М.Ерлепесов, Суармалы.). Сыналған көп жылдық мал азығындық екпе дақылдардан жақсы өсіп, дұрыс нәтиже берген э с п а р ц е т пен еркек шөп (К.Боранғазиев, Жемшөптік.). Қостанай облысындағы Краснооктябрь бокситті руда басқармасы карьерлерінде сыртқы үймелерді ауыл шаруашылығы қажеттері үшін жиде,жыңғыл, сексеуіл, бүрген, сондай-ақ көпжылдық шөптер – э с п а р ц е т, бидайық және т.б. еге отырып рекультивациялау ісі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді (Т.Қалыбеков. Экология.).