ЭСТАФЕТА

lat: ESTAFETA

[франц. еstafette] з а т. 1. с п о р т. Қашықтықтың белгілі бір тұсында сынға түсу үшін өз серігін ауыстырып, оган шартты затты беріп бәсекелесетін командалық жарыс түрі. Жарыстың төртінші күні 4X100 метрлік э с т а ф е т а д а н әйелдер арасында Алматы қаласы құрама командасы тағы да бір рекордтың авторы болды («Соц. Қаз.»). Ғұсман, Эдвин Озолин, Борис Зубов, Ворис Савчуктермен бірге э с т а ф е т а жарысына қатысып, жүлделі бесінші орынға ие болды (Ғ.Тәшімбаев, Топжарған.). Жалпы 7 Қысқы Азия ойындары Алау э с т а ф е т а с ы үшін барлығы 100шырағдан әзірленді. Оның әрқайсысының бағасы 1 мың АҚШ долларына жуық (“Алматы ақшамы”). 2. а у ы с. Бір істің бірден-бірге ауысып, алға ұласқан жалғасы. Өйткені қанмен жуылған күрес э с т а ф е т а с ы н алға апаратын да біздің тамаша жастарымыз ғой (Ш.Ерманов, Мәңгі.). Олар еңбек майданында да дәстүрге айналған ерлік э с т а ф е т а с ы н абыроймен жалғастыруда («Білім және еңбек»). Өн саласындағы бұл э с т а ф е т а н ы Н.Тілендиев, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев секілді орта буын талант иелері қолға алды да, оны кейінгілері жалғастырып әкетті («Қаз. әдеб.»).