ЕСТЕЛІК

lat: ESTELİK

зат. 1. Өмірдегі көрген-білгені мен ойда қалғанын еске түсіріп баяндау дағдысы, алған әсері. Басымнан өткерген оқиғаларды ойым, тілім жеткенше, е с т е л і к есебінде жазып тастағым келді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Балалықтың тәтті е с т е л і г і мен ыстық сағынышы жарығын төгіп, жол көрсеткендей (Ж.Арыстанов, Таң жұлдызы). Бейбіт еңбек етіп жүрген қазіргі кездің өзінде Отан үшін от кешкен күндердің е с т е л і г і түн ұйқыңды төрт бөледі (У.Қыдырханов, Таң нұры). 2. ә д е б. Мемуар жанрының бір түріне жататын әдеби шығарма. Автор е с т е л і к т е ақиқаттан алшақ кетпеуге, оны көркемдеп, бейнелеп жеткізуге құқылы (ҚҰЭ). Е с т е л і к жанрлық табиғаты жағынан мемуардың күнделік, жолжазба т.б. түрлеріне жақын (ҚҰЭ). Е с т е л і к өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі (ҚҰЭ). 3. сөйл. Ескерткіш. Елден киіп келген киімі мен түскен суреті өзіне е с т е л і к боп қалсын. Енді бұл баланы қала жосығымен мұздай киіндірейік те, тағы да суретке түсірейік (С.Омаров, Дала қызы). Мектептің бұрынғы түлектері, ұстаздары салтанатты кеш соңында мектепке е с т е л і к сыйлықтар тарту етті ( « Қазақст. мұғ.»). Е с т е л і к болсын деп атақты шопанның үй-ішімен бірге суретке түстік (Т.Айнабеков, Алғы шепте.).