lat: ETÝSHİ
з а т. Істеуші, орындаушы, жасаушы.
Бізге егелік етуші кім екенін білмей көп кідірдік. Біреулер еліне қайтып жатты (С.Бақбергенов, Қарға там.).
Ол Отанын қайта тапқандармен бірге қуанды, бірге тебіренді. Біздерге олар азат етушіміз деп қарады (Қ.Қамбаров, Ертісте).
Қазақтың малқор да дүниеқоңыз байының маңында еңбек етуші кедей еңбегін ғана жегізбейді, ар қорлығында көреді (М.Әуезов, Әр жыл.).
Аштан өлуге көзім жетпесе, ағайынның тағалы тор тайына қиянат етуші ме едім! (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Қазақ сияқты, өнер-білімнің асылын танымаған, қаламмен қызмет етушілердің қадірін білмеген жұртқа қырық тоғыз жыл ұмытарлық көп заман (М.Дулатов, Шығ.).