зат. Істеуші, орындаушы, жасаушы. Бізге егелік е т у ш і кім екенін білмей көп кідірдік. Біреулер еліне қайтып жатты (С.Бақбергенов, Қарға там.). Ол Отанын қайта тапқандармен бірге қуанды, бірге тебіренді. Біздерге олар азат е т у ш і м і з деп қарады (Қ.Қамбаров, Ертісте). Қазақтың малқор да дүниеқоңыз байының маңында еңбек е т у ш і кедей еңбегін ғана жегізбейді, ар қорлығында көреді (М.Әуезов, Әр жыл.). Аштан өлуге көзім жетпесе, ағайынның тағалы тор тайына қиянат е т у ш і ме едім! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қазақ сияқты, өнер-білімнің асылын танымаған, қаламмен қызмет е т у ш і л е р д і ң қадірін білмеген жұртқа қырық тоғыз жыл ұмытарлық көп заман (М.Дулатов, Шығ.).