ЕТІЛ

lat: ETİL

е т. Істелу, жасалу.

Еш нәрседен болмаған қолы қысқа,

Төрт ұлы бірі үйде, бірі тыста.

Орындалып дегені сағатында,

Етілмей ешбір ісі қалмай босқа (С.Мұқанов, Шыңнан.).

Қысты күндері макеттер жабылып, қар басып қалмайтындай етіліп қоршалады да, жұмысы ерте көктемнен басталады. Сол кезде суретші, дизайнер, сәулетшілер саны 40-тан асып кетеді («Егемен Қазақстан»).

Олай етілмесе, соңғы берілетін мағлұматтар орнықсыз, үстірт болып, бала ілгері қарай барғанда, соқыр кісіше қармалып, әр нәрсенің басын шалып кетеді (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).