ЕТІЛ

lat: ETİL

ет. Істелу, жасалу. Еш нәрседен болмаған қолы қысқа, Төрт ұлы бірі үйде, бірі тыста. Орындалып дегені сағатында, Е т і л м е й ешбір ісі қалмай босқа (С.Мұқанов, Шыңнан.). Қысты күндері макеттер жабылып, қар басып қалмайтындай е т і л і п қоршалады да, жұмысы ерте көктемнен басталады. Сол кезде суретші, дизайнер, сәулетшілер саны 40-тан асып кетедіЕгемен Қазақстан»). Олай е т і л м е с е, соңғы берілетін мағлұматтар орнықсыз, үстірт болып, бала ілгері қарай барғанда, соқыр кісіше қармалып, әр нәрсенің басын шалып кетеді (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).