етіс жасайтын қосымшалар: 1) «с» жұрнақ ( ұр – ұрыс, күре – күрес, соқ – соғыс ); 2) «н» жұрнақ ( жу – жуын, тара – таран, бақ – бағын ); 3) «дыр» (тыр) жұрнақ ( қаз – қаз дыр, қал – қалдыр, айт – айттыр ); 4) «қыз» (ғыз, кіз, гіз) жұрнақ ( жатқыз, алғыз, жеткіз, бергіз ); 5) «л» жүрнақ ( ас – асыл, жек – жегіл ); 6) «т» жұрнақ ( құла – құлат, ер – ерт, құры – құрт ); 7) «ттыр» жұрнақ ( құла – құлаттыр, сұра – сұраттыр, күре – күреттір ); 8) «стыр» ( ұр – ұрыстыр, соқ – соғыстыр, күре – күрестір ); 9) «қыла» (ғыла, кіле, гіле) жұрнақ ( шап – шап қыла, жу – жуғыла, кес –кескіле, тіл – тілгіле ); 10) «ыңқыра» (іңкіре) жұрнақ ( ал – алыңқыра, барыңкыра, беріңкіре, жүріңкіре ). Етістің түпкі түрі – салт етіс пен сабақты етіс, өзгелері – туынды етістер. Сондықтан бастапқы екеуі екі-ақ мүшелі: 1) түбір, 2) жалғау. Басқа етістер үш мүшелі: 1) түбір 2) жұрнақ 3) жалғау. Сөйтіп, жалғау түпкі етістердің түбіріне жалғанады, туынды етістердің тұқылына жалғанады. Əдеб.: Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. Сөз жүйесі һəм түрлері. ІІ тіл танытқыш кітап. 3-басылуы. – Орынбор, 1923.