ЭТНО-ӘДІСНАМА

lat: ETNO-ÁDİSNAMA

күнделікті әлеуметтік ықпалдастық шеңберінде әдеттегі нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін, тіл мағынасын зерттеумен айналысатын әлеуметтану саласы. Терминнің авторы мен негізін қалаушы америкалық әлеуметтанушы Гарольд Гарфинкель. Өзінің «Этно-әдіснама бойынша зерттеулер» (1967) атты еңбегінде ол «этноәдістерді» (әдеттегі әдістерді) зерттеу әдіснамасын ұсынды.