(жексенбілік мектептер) (– негізгі міндеті балаларға тіл арқылы өз этносының тарихын, əдет-ғұрпын жəне мəдениетін оқытып-үйрету болып табылатын ерікті ұйым. Қазақстанда жүзеге асып отырған этносаралық келісімнің бірегей үлгісінің арқасында этностардың өкілдері туған тілі мен мəдениетін оқып-үйрену арқылы өз дербестігін сақтап отыр. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясына кіретін этномəдени бірлестіктер ықпал етеді. Ассамблея қызметінің, сондай-ақ жексенбілік мектептер қызметінің басым жағы – өсіп келе жатқан ұрпақты толеранттық пен этносаралық келісім рухында тəрбиелеу. Қазақстанда əзірбайжан, армян, корей, поляк, неміс, татар-башқұрт, қырғыз, тəжік, украин, шешен-ұңғыш жексенбілік мектептері жұмыс істейді (қар. ҚХА, Тілді жоспарлау, Тілдік ахуал, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы).