ЭТНОГРАФИЯ

lat: ETNOGRAFIaÁ

(грекше ethnos тайпа, халық + grapho жазамын,) - Осымен бірдей: Этнология; халықтардың тұрмыстық жəне мəдени ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, қоныстануын, өзара мəдени-тарихи қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Этнография Этностар туралы кешенді ғылым: археология, тарих, демография, тілтану жəне басқа ғылымдармен тығыз байланыста қаралады. Этнография білу əлеуметтік қызметтердің жұмысының тиімділігін арттырады, əсіресе, Этностық топтармен əлеуметтік-тілтанулық жұмыстар жүргізгенде пайдасы мол.