ЭТНОЛИНГВИСТИКА

lat: ETNOLINGVISTIKA

тілдің мәдениетке қатыстылығын, тілдің қызмет етуі мен дамуындағы тілдік, этномәдениеттік және этнопсихологиялық факторлардың өзара байланысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. Этностың материалдық және рухани мәдениетін, оның менталитетін, тарихы мен қазіргі қалпын бейнелейтін тілдік элементтер этнолингвистика нысаны болып табылады. Халық мәдениеті мен тілінің өзара әрекеттестігі идеясы орта ғасырлардаақ Шығыста айтылған болатын. Алайда этнолингвистика дара бағыт ретінде ХІХ ғасырдың басында пайда болды және америка үндістерінің тілдері мен мәдениетін зерттеген Ф. Боас және Э. Сепир есімдерімен байланысты .