ЭТНОПСИХОЛОГИЯ

lat: ETNOPSIHOLOGIaÁ

(этнос жэне психология) әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттык мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым. Этнопсихология әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.) сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғ. ортасында Ресейде, кейінірек Батыс Еуропада (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ елінде бұл мәселемен Шоқан Уәлиханов т.б. айналысты. Оның еңбектерінде халық рухы” дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология” ұғымының синонимі деуге болады. Этнопсихологияның зертгейтін сан алуан мәселелері (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт және т.б.) бар. Этнопсихология міндеттері: әртүрлі халықтар мен мәдениеггер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлтгык арақатынас ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық мінез мәселелерін, ұлттық өздік санамен этникалық стереотиптердің міндеттері мен қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық коғамдасгыктар мен қоғамның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.