lat: ETNOPSIHOLOGIaÁ MEN Inovasıa
Этностық дамудың соңғы кезеңінде пайда болған рухани құбылысты белгілейтін ұғым.
Инновацияның келуінде кездейсоқтық пен сыртқы ықпалдың әсері, күші, жаңалық енуі 3 кезеңнен тұрады. Оның біріншісі – таңдау, талдау, яғни сырттан келген ғылыми жаңалықтың толық енбей, сұрыпталуға түсуі. Екіншісі – сұрыпталу кезеңі, мұнда этностағы психологиялық ерекшеліктер маңызды рөл атқарады. Үшіншісі – интеграция кезеңі, мұнда сырттан келген ғылыми жаңалықтар (ғылыми термин, атау т.б.) жаңа жағдайға сіңісіп, сол этностың дәстүрлі мәдениетімен үндесіп отырады (мәселен идентификация, агрессия, адаптация, стратегия т.б.).