(грекше ethnos халық, тайпа ,) – ортақ сипаттары бар, Мəдениеті, Тілі, Өзіндік сана-сезімі, тарихының тұрақты ерекшеліктері ортақ адамдардың белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы. Осы уақытқа дейін «этнос» терминінің бір мағыналы ұғымы əлі жоқ. Дегенмен, жалпылай келгенде этнос топтық мəдени ұқсастық құбылысы ретінде, мəдени қауымдастыққа тиесілікке негізделген сезімдер кешені ретінде, ортақ сəйкестілік қалыптасу нəтижесіндегі ұжымдық түйсік ретінде қарастырылады. Сана-сезім (сəйкестілік) саласынан тыс этностық деп аталатын қауымдастықтарға тəн бірқатар сипаттамалар бар. Оларға жататындар: ортақ тарихи тегіне байланысты топ мүшелері мойындайтын ұғымдар, бір тіл, материалдық жəне рухани мəдениеттің ортақ қырлары; отан жəне ерекше институттар ретінде саяси ресімделген ұғымдар, мысалы, «халық» ұғымына кіретін мемлекеттілік; ерекшелік сезімі, яғни, топ мүшелерінің сол топқа қатыстылығын сезіну жəне осыған негізделген ынтымақтастық түрлері мен бірлескен іс-əрекеттер. Этнос негізгі жəне қосымша белгілері: тіл, халықтық өнер, əдет-ғұрып, дəстүр, рəсімдер, мінез-құлық нормалары, əдеттер, дін, нəсілдік жақындық, генезис, яғни, мəдениеттің ұрпақтан ұрпаққа жетіп этностық мəдениет дегенді жасайтын жəне сабақтасатын сипаттары (қар. Этностық топ, Этностық сəйкестілік, Этностық сана-сезім, Этнос, Этноəлеуметтану, Тіл, Тілдік бірдейлестік).