ЕВРОПАЛЫҚ ТІЛДІК ҚОРЖЫН

lat: EVROPALYQ TİLDİK QORJYN

жеке адамның әр түрлі құзіретін және өз тілі мен мәдениетіне қатынасын бағалауға көмектесетін құжаттар (тіл паспорты, тіл өмірбаяны, тілдік мәлімет) жинағы. Европалық тілдік қоржын Европалық Кеңес қабылдаған терминдердегі тілдік құзіретті бағалауға жәрдемдеседі, барлық деңгейде тілдерді және мәдениет аралық қатынастарды зерттеуді қолдауға үндейді, сондай-ақ Европаның осы заманғы тілдерін меңгерудегі біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға көмектеседі. Европалық тілдік қоржын үш жоғары жастағы топтар үшін жасалады. Европалық тілдік қоржын пайдалана отырып оқушылар өздерінің тіл меңгеру деңгейлерін европалық нормамен жетілдіруге мүмкіндік алады, білімі мен талабын жетілдіру, жеке жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтайды. Әрбір елде Европалық тілдік қоржын варианттары қабылдануда, мыс., Европалық тілдік қоржын құрамдас бөлігі болып табылатын Ресейлік тілдік қоржын версиясын Европалық Кеңес жобасы шегінде шведцарлық жоба бойынша Москва мемлекеттік лингвистикалық университеті жасаған.