Ез етістігінің қимыл атауы. 1. Сұйық затпен араластырып еріту. Онда биенің жас сүтінен кептірілген сүтті қайта е з у арқылы жасалған қымыздың химиялық құрамын зерттеген (Қымыз.). Қоректік зат бетінде азотобактердің шырышталған сан мыңдаған жасушасы өсіп жиналады. Осы шырыш қабатты сыпырып алып, жылы суда е з у керек (Н.Жақанов, Микробтар). Ащы қүрт сусынға, сорпаға е з у г е ғана қажет (С.Мұқанов, Қазақ қауымы). 2. Сығу, жаншу, сығымдау. Шырындық сұйық фитонцидтерді не сол өсімдіктерді е з у арқылы алады, не оны суға салып қайнатып, тұнба түрінде алады (Т.Таубаев, Жасыл әлем.). 3. ауыс. Бос сөйлеу, мылжыңдау. Мақсат осыларды қайта мылжыңдап е з у емес, осылардың түпкі тамырын, тудырған себептерін айқын ашып көрсету ( М.Қаратаев, Туған әдеб.).