ЕЗУ

lat: EZÝ

Ез етістігінің қимыл атауы; қанау, езгіге алу. Қолыма жарақ беріп киін деді, Жұмсаймын керек болсаң дер кезінде. Қожасы келешектің сен боласың, Байлардың ақысы жоқ енді е з у г е (Д.Еркінбеков, Шығ.). Помещиктер мен капиталистер қазақ еңбекшілерін аяусыз е з у м е н болды (М.Ақынжанов, Қаз. ағартушы.). Хандардың е з у і н е қарсы күресте халық кейбір батырлар мен билерді өз жағына тартуға тырысты (Қаз ССР тарихы).