Екі туып, бір қалғаны

lat: Eki týyp, bir qalǵany

Бірге туған бауыры, жанашыр жақыны. Мерхат е к і т у ы п, б і р қ а л ғ а н ы ң ба, суырылмай тыныш тұр (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Сен сол баланы жақтауыңды қойшы. Е к і т у ы п, б і р қ а л ғ а н ы ң д а й аузыңнан тастамайсың (Қ.Мұқамеджанов, Өзіме де.). Уа, қой, жеңгей, - деді Боранбай кейіп, -осындай қарлы боранда апаратын бұл менің қайбір е к і т у ы п, б і р қ а л ғ а н ы м еді? (С.Мұқанов, Шығ.).