Екінші эшелон

lat: Ekinshi eshelon

ә с к. Шабуыл барысында соңғы күшін істету, қорганыстың беріктігі мен белсенділігін арттыру, сондай-ақ бірінші эшелондағы шығынга ұшыраған кейбір бөлімшелерді (бөлімдерді) ауыстыруға арналған әскердің ұрыс ретіндегі бір бөлігі. Е к і н ш і э ш е л о н құрамы ұрыс мақсатына, ұрыс жағдайына қарай анықталады (Қаз. тілі термин. Әскери.). Е к і н ш і э ш е л о н н ы ң ұрыс міндеттері бірінші эшелондағы бөлімшелердің міндеттерімен қатар, яғни әскери бұйрық берілген кезде айқындалады (Қаз. тілі термин. Әскери.).