Элита теориясы

lat: Elıta teorıasy

(французша elіte  үздік, таңдаулы) қоғамның ақсүйек топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады.Биологиялық теориялар бойынша биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді.Психологиялық теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді. Осы сияқты психикикалық-аналитикалық, әлеуметтік.-психологиялық, технократтық және ғылыми теориялар бар. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктеріне қарамастан барлық Элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адамдардың табиғи тең еместігі туралы; ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың сөзсіз бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін “іріткі күштерді жинақтаған” бұқараның енжарлығы мен аморфтығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.