Ел үшін

lat: El úshin.

Қазақ халқының бүгіні мен болашағы үшін, соған арнап деген мағынада.

Бел шешпей жортып ел үшін

Алты малта ас қылып,

Арпа суын ішкен ер (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Отан үшін,ел үшін,

Жауды соқты төбеден,

Отанға шын берілген,

Дұшпандарды қиратқан

Жаудың туын құлатқан (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).