lat: El aǵasy
Елдің, ауылдың басшысы, ақылшысы, үлкені.
«Надан қазақ», «пасық қазақ», «күпірсің», «ананы істеме», «мынаны істеме» деген үгітті ел ағасы ақсақалдардың, билердің талайлары есітті (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
Ел ағамыз деп. Дүзеңгі бауды төрт қабаттап біз жүрміз. Әркімнің басында болар мұндай тәләйі көп тағдыр боларын ойлауға да мұршамыз бола бермейді (К.Сегізбаев, Беласқан). Сәрсен шырағым, қораның дауы өз алдына, ел ағасы деген атың бар, сенен жасырар сыр жоқ (Қ.Мұқамеджанов, Өзіме де.).
Енді бір ауылда Бәйкен келе жатыр деген хабарды естіп, алыс-жақындағы ел ағалары жиналып күтіп отыр екен (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).