Ел ағасы

lat: El aǵasy

Елдің, ауылдың басшысы, ақылшысы, үлкені. «Надан қазақ», «пасық қазақ», «күпірсің», «ананы істеме», «мынаны істеме» деген үгітті е л а ғ а с ы ақсақалдардың, билердің талайлары есітті (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Ел а ғ а м ы з деп. Дүзеңгі бауды төрт қабаттап біз жүрміз. Әркімнің басында болар мұндай тәләйі көп тағдыр боларын ойлауға да мұршамыз бола бермейді (К.Сегізбаев, Беласқан). Сәрсен шырағым, қораның дауы өз алдына, е л а ғ а с ы деген атың бар, сенен жасырар сыр жоқ (Қ.Мұқамеджанов, Өзіме де.). Енді бір ауылда Бәйкен келе жатыр деген хабарды естіп, алысақындағы е л а ғ а л а р ы жиналып күтіп отыр екен (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).