lat: El adamy
Халық, жұрт, көптің бірі.
Ел адамы, қара халық бұрынғыдай ханға барып арыз айтудан қалды. Ханның жүзін іріктеліп, «бақытты» адам ғана көретін болды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
Хан мен елдің арасы әбден бұзылады. Елдің адамдарына ханды енді қорқытып, дегенімізді істеу керек деген ой келеді (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
Байтақ ел адамының араны ашылып кететін шығар. Алмай, кім Жолдас болады дейсің. Бәрінікі бір құлқыны, бір тамағы (Ж.Аймауытов, Шығ.).