Халық, жұрт, көптің бірі. Е л а д а м ы, қара халық бұрынғыдай ханға барып арыз айтудан қалды. Ханның жүзін іріктеліп, «бақытты» адам ғана көретін болды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Хан мен елдің арасы әбден бұзылады. Е л д і ң а д а м д а р ы н а ханды енді қорқытып, дегенімізді істеу керек деген ой келеді (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Байтақ е л а д а м ы н ы ң араны ашылып кететін шығар. Алмай, кім Жолдас болады дейсің. Бәрінікі бір құлқыны, бір тамағы (Ж.Аймауытов, Шығ.).