Халықтың, көпшіліктің пікірі, мүддесі. Түрегелді орнынан Амангелді бұрқанып, Көздерінен от шашты Мұздай темір құрсанып: -Менің сөзім -е л с ө з і, Жандаралға айта бар, Берер жан жоқ патшаға, Болсақ тағы күнәкар! (О.Шипин, Дастан). Батпассың, ел ішіне келген соң, Е л с ө з і н е н басыңды аласың ба?! Үй ішіне пайда келтірмей жүрген Азамат жоқ қазақтың баласында. Құр таза болам дегенмен бола ма?! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ақбөпежан бергендей Қасым десе, Серігі, ақылдас та, әсіресе, Әкесі қия тартып көнбегенде, Жөн айтқан ел с ө зі н е әлденеше (И.Байзақов, Ақбөпе).