Ел тарту [тартушылық]

lat: El tartý [tartýshylyq]

Көпшілікті өз жағына шығару.

Мұны істеген Қаукен қу ғой,

Оның ойы ел тарту ғой.

Сені сайлап, қажыны алып,

бай-бектерді қыжырту ғой (С.Дөнентаев, Шығ.).

Ел тартушылық, арбасу Европа тілінде бір сөзбен дипломатия деп айтылады («Қазақ»).

Немістер соғысқа ұсталығын ел тарту ісінде де көрсетіп, ынтымақ патшаларының дипломаттары жеңіліс тапты («Қазақ»).