Ел тарту [тартушылық]

lat: El tartý [tartýshylyq]

Көпшілікті өз жағына шығару. Мұны істеген Қаукен қу ғой, Оның ойы е л т ар т у ғой. Сені сайлап, қажыны алып, бай-бектерді қыжырту ғой (С.Дөнентаев, Шығ.). Е л т а р т у ш ы л ы қ, арбасу Европа тілінде бір сөзбен дипломатия деп айтылады («Қазақ»). Немістер соғысқа ұсталығын ел тарту ісінде де көрсетіп, ынтымақ патшаларының дипломаттары жеңіліс тапты («Қазақ»).