(лат. elementum – стихия,бастапқы зат) белгілі бір жүйенің құрамына және одан бөлінбейтін деп қаралатын обьект ұғымы (мысалы, "молекула" жүйесіндегі атом, "атом" жүйесіндегі электрон және т.б.).Алайда бір жүйедегі "бөлінбейтін нәрсе" басқасында бөлінетін болып шығады. Элемент ұғымы табиғатты тану процесінде қажетті түрде туады. Көне грек материалистері не суды (Фалес), не ауаны (Анаксимен), не отты (Гераклит) дүниенің бөлінбейтін элементті деп білді. Демокрит сынды антик философтар, ал кейінірек Эпикур материяның ең ұсақ, бөлінбейтін бөлшектері ретінде атомдар туралы ілімді ұсынды. Материя туралы ілімнің дамуында жаратылыстанушылардың материяның ең қарапайым элементерін табуға ұмтылуының және материяның шексіздігі мен сарқылмастығы туралы мәселелер төңірегінде қайшылықтар болып келді. 19 ғасырдың аяғында ашылған жаратылыстанудағы маңызды жаңалықтар бастапқы және бей-берекет атомдар туралы үстем болып келген түсініктерді қойды. Қазіргі физика қарапайым деп қарастырылатын электрондар, нейтрондар т.б. бөлшектер құрылысының күрделі екенін дәледеуге, сол арқылы табиғатта қарапайым бұлжымас элементтердің жоқ екендігі туралы ұғымды дәлелдеуге ұмтылуда.